Құрметті аудан тұрғындары!
Ағымдағы жылдың 12 ақпан күні сағат 11.00 де Қаратөбе ауданының әкімі Ж.А.Асантаевтың аудан тұрғындары алдындағы есеп беруі өткізіледі.
Есеп беру форматы облысымыздағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты онлайн түрде «Aqjaiyq» телеарнасы арқылы өткізіледі.
Осыған орай, есептік кездесуге өздеріңіздің сұрақтарыңызбен ұсыныстарыңызды төменде көрсетілген мекен-жай бойынша:
1. Қаратөбе аудандық ауруханасы (C.Датұлы №29)
2. Аудандық «ҚазПошта» мекемесі (Ғ.Құрманғалиев №22)
3. Қаратөбе ауылдық округі әкімі аппараты (Мұхит №5)
арнайы жәшіктерге салуларыңызға, Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының Facebook, Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшаларына, karatobe@bko.gov.kz сайтына, +7 777 195 48 83 WhatsApp нөмеріне және ағымдағы жылдың 12 ақпан күні сағат 11.00 де «Aqjaiyq» телеарнасы арқылы қоюға болады.