
Елімізде ел болу шежіресі сан түрлі белестерден тұрады. Сол белестердің ең алғашқысы ол еліміздің Тұңғыш Президентінің сайлануы болатын. Тәуелсіз Қазақстанды сындарлы жолдардан, сан түрлі белестерден құлатпай, сүріндірмей алып шығу үшін де үлкен қажыр қайрат пен, ұлтына, қазағына деген сүйіспеншілік керек еді. 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Президенті күні мерекесінің өзіндік ұлтқа берері мол. Осы күні жас ұрпақ Тәуелсіз Қазақстанның тарихын, ел болып қалыптасуы жолымен танысады.
Осы орайда аудан орталығындағы Мұхит Мералиев атындағы тарихи өлкетану музейінің меңгерушісі Нұрлан Меңдешов Қаратөбе ауданының полиция бөлімінің полиция қызметкерлеріне кең көлемде танымдық іс-шара өткізіп мұражайдағы Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның құрылуы мен дамудағы өмірі мен еңбек жолы туралы арнайы экспонаттармен таныстырып музей залында экскурсия өткізді .
Бұдан басқа полиция қызметкерлері музейдегі көркем сөз шебері, айтулы ақын, жауынгер Жұбан Молдағалиевтің туғанына 100 жыл толуына орай жеке құрамның туған жерге, отанға деген патриоттық сезімін ояту және идеологиялық тәрбие жүргізу мақсатында мәліметтер қызметкерлердің патриоттық сезімін оятты. Отанымыздың тағдыры үшін жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында алдығы уақыттарда да жалғасын табады.