Жастардың тартуы

Жастардың тартуы
«Біреуге жапқан шапаныңмен өзіңнің жүрегің жылиды». Расында, өзгеден жақсылық көргеннен гөрі, біреуге жақсылық жасаған – сауапты іс.
Қоскөл ауылдық округінің 1991-1992 жылғы белсенді жастары көп балалы ана Ділда Халеловаға газ плита құрылғысын тарту етті.
– Игі іс қылудың саған нәсіп етілгенін білу, мұқтаждығы өтелген жанның қуанышын көру, батасын алып, ризашылығына бөлену шынында да керемет сезім, - дейді ауыл жастары.
Мұқтаж жанға көмек қолын созып, үлгі боларлық іс жасаған ауыл жастарына ауылдастары дән риза.