Сәуледе жаңа мектеп салынады

Сәуледе жаңа мектеп салынады

Сәуледе жаңа мектеп салынады

Қарашаның 19-ы күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан басшысы Қадыржан Сүйеуғалиев Саралжын ауылдық округіндегі Сәуле ауылында салынатын жаңа мектептің құрылысын жүргізетін мердігер ТОО «ВЕТА» ServiceS» директоры Бекболат Шкановты қабылдады.

Кездесу барысында мердігер Бекболат Елемесұлы аудан басшысына Сәуле ауылында салынатын жаңа мектептің құрылысын жақын арада бастауға дайын екендігін жеткізді.

Аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы мердігерге мектеп құрылысын сапалы жүргізіп, ауыл мектебін дер кезінде пайдалануға беруді тапсырды.

Мектеп директоры Лида Сариеваның айтуынша 1973 жылы пайдалануға беріліп, бастауыш мектеп ретінде жұмысын бастаған Сәуле ауылындағы Жақсыбай мектебі 1991 жылы негізгі мектепке ауысытырылған. Бүгінде мектепте 23 мұғалім қызмет жасайды. Қазіргі таңда ескі мектепте 60 оқушы білім алуда.

– Мектептің құрылысын жүргізуші мердігерлік компания қарашаның 19-ы күні ауылымызға келіп, мектептің қай жерден салынатындығын көрсетіп, құрылыс жұмыстарын қай уақытта бастайтынын айтты.

Ауылымызға жаңа меңтептің салынатындығы туралы жағымды жаңалық ауыл тұрғындарын қуантып отыр, - дейді мектеп директоры Лида Сариева.

 

Позитивная новость о строительстве новой школы в нашем селе радует жителей села, – говорит директор школы Лида Сариева.