
Тал егу жұмыстары жүргізілді
18 қараша күні «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында ауылдарды көгалдандыру және тазарту, абаттандыру, экологиялық ортаны жақсарту мақсатында аудан орталығында Қаратөбе ауылының кіреберісіне тал егу жұмыстары жүргізілді.
Тал егу жұмыстарына аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевтің өзі арнайы барып, 50 түп көктерек талы егілді. Жоспарланған орынға, яғни Қаратөбе ауылының кіреберісіне 200 түп көктерек талы егілетін болады. Тал егілген орынды қоршау жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, аудан орталығындағы «Астана» саябағына, аудандық аурухананың алдындағы жол жиегіне көктерек талын егу жұмыстары жүргізілмекші. Қараша айының ішінде 400 түп тал егу жоспарланып отыр.