Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен «AMANAT» партиясының облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Еңбек.Адам.Құрмет» атты жұмысшы мамандықтар фестивалі кең көлемде өтті.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен «AMANAT» партиясының облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Еңбек.Адам.Құрмет» атты жұмысшы мамандықтар фестивалі кең көлемде өтті.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен «AMANAT» партиясының облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Еңбек.Адам.Құрмет» атты жұмысшы мамандықтар фестивалі кең көлемде өтті.

Бұл шара өңірде еңбек адамдарының мәртебесін көтеру, жастарды кәсіпке тарту, сондай-ақ жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.

Фестиваль аясында Тұңғыш Президент алаңының кең аумағында Батыс Қазақстан облысының барлық аудандарынан келген жұмысшы кәсіп өкілдерінің көрмесі ашылды. Қатысушылар өздерінің кәсіби шеберліктерін паш етіп, қолөнершілердің тамаша туындыларын таныстырды. Бұл – ұлттық дәстүріміз бен заманауи еңбек дағдыларының үйлесімі ретінде ерекше көрініс тапты.

Тізілген ақшаңқан киіз үйлердің арасында айрықша көзге түсетін, үлкен әрі сәнді киіз үйлердің қатарында Қаратөбе ауданының киіз үйі де ерекше орын алды. Оның көркем безендірілуі мен дәстүрлі ұлттық нақыштағы үлгісі келушілердің назарын аударды. Ауданымыздың киіз үйіне арнайы ат басын бұрған Батыс Қазақстан облысы әкімі Нариман Төреғалиев бастаған бір топ делегацияны аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев жылы шыраймен қарсы алды. Сонымен қатар, аудандық мәдениет үйінің өнерпаз әншілері «Қаратөбем» әнін орындап, қонақтарды рухани жағынды қарсы алды.

Облыс басшысы киіз үйдің ішін аралап, ұлттық нақыштағы сәндік элементтер мен қолөнер бұйымдарын мұқият қарап шықты. Киіз үй ішінде «Қаратөбе колледжі» МҚКК-нің жасаған қолөнер туындылары мен аудандық балалар шығармашылық үйінің шеберлерінің қол өнер бұйымдары қойылды. Сонымен қатар, моншақтан тоқылған сөмкелерін және тоқылған аяқ-киімдер, көрпе-көпшік, құрақ, корзина, сағаттар және басқа да әдемі бұйымдары ұсынылды.

Фестиваль аясында ұйымдастырылған ұлттық спорт түрлерінен сайыстарға Қаратөбе құрамасы да белсенді қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Арқан тарту, гір тасын көтеру, ләңгі тебу, қол күресі сияқты жарыстарда аудан намысын қорғаған спортшылар көпшіліктің қошеметіне ие болды.