Жусандой ауылдық округі бойынша, карантин режимі талаптарының сақталуын бақылау бойынша құрылған мониторингтік топ мүшелері Батыс Қазақстан облысы бас мемлекеттік санитарлық дəрігерінің 16.08.2020 жылғы 27- ПГВР қаулысының орындалу бақылау мақсатында Жусандой ауылындағы "Асылмұрат" азық - түлік дүкеніне рейд жүргізіп, санитарлық талаптардың орындалуын қадағалап, аталмыш қаулының талаптарының орындалуын бақылап орындауға шақырды. Рейд барысында санитарлық талаптардың өрескел бұзылу фактілері анықталған жоқ.