
Қоскөл ауылында еңбек және соғыс ардагері Ғабдол Қаржауовтың 100 жылдық мерейтойына орай Қаржауов атындағы саябаққа орнатылған арканың ашлу салтанаты өтті.
Саябақ кіреберісіне орнатылған арканың ашылу салтанатында елге еңбегі сіңген ардақты азаматтың ұлы Ким Габдуллин сөз сөйлеп мерейтойды өткізуге ұйытқы болған аудан басшылығына, саябаққа жиналған ауыл халқына ұрпақтары атынан алғысын білдірді.
Арканың лента қию рәсімін аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев пен Ғ.Қаржауовтың ұлы Ким Габдулин жүргізді.
Шара барысында келген меймандар саябақты аралады.