14 тамыз Спорт күніне арналған «Спорт – жетістік жолы» шарасы өтті.

14 тамыз Спорт күніне арналған «Спорт – жетістік жолы» шарасы өтті.

Ғ.Құрманғалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде 14 тамыз Спорт күніне арналған «Спорт – жетістік жолы» шарасы өтті.

Жиында аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев сөз алып, спортшыларды меркесімен құттықтады.

– Спорт – тек дене шынықтыру ғана емес, ол ерік пен жігердің, табандылықтың, тәртіп пен табыстың мектебі. Ол адамның рухын оятып, жеңіске деген жігерін шыңдайды.

Қаратөбе – тек ән мен жырдың ордасы ғана емес, қайсар рухты ерлерді, елін қорғаған батырларды түлеткен киелі мекен. Көшін бастар көсемі де, сөзін сөйлер шешені де, құрыш білек палуаны да осы топырақтан шыққан. Өткен ғасырда Еңсеп Досқалиев бабамыз республиканың тұңғыш абсолюттік чемпионы болса, Батыр Қуаныш, Артур Үмбетқалиевтер ізін жалғап, боз кілемде ел намысын қорғаған. Бұқаралық спорттың дамуына Бралиев Серік, Мұқанов Қали, Бақтығалиев Байжан, Хамбетов Жарқын сынды ағаларымыз зор үлес қосып, қаншама шәкірт тәрбиелеп шығарды. Көк туымызды желбірететін мәдениет пен спорт екені мәлім. Ауданымыздың атын шығарып, ел намысын әлемдік деңгейде көтеріп жүрген әлемнің 5 дүркін, Азияның 9 дүркін чемпионы болған Ерболат Ержан, кеше ғана әлем чемпионатына жолдама алған қаршадай ғана Қаратөбелік қызымыз Гүлжайна Сұлтановалар келешегінен зор үміт күттіреді.

Баршаңызға еліміздің еңсесін көтеруге, биік белестерді бағындыруларыңызға, дүбірлі додаларда топ жаруларыңызға, ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыруға тілектеспін.

Баршаларыңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ – береке тілеймін, - деді.

Қаратөбе ауданының спорт саласының дамуына зор үлес қосқаны үшін Қаратөбе аудандық маслихатының 2025 жылғы 13 мамырдағы № 26-11 шешімімен Серік Бралиевке «Қаратөбе ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. Сонымен қатар аудан спортының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар аудан спортшылары марапатталды.

Жиында Қаратөбе аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметін атқарған Дулат Қоламанов сөз алып, қол күресінен әлемнің 5 дүркін чемпионы Ержан Ерболатқа ат мінгізді.

Басқосу аудандық мәдениет үйі әншілерінің концерттік бағдарламасына ұласты.