Қаратөбеде спорт клуб қызметкерлері арасында ашық аудандық спартакиада өтті Қаратөбе ауданында Батыс Қазақстан облысы аудандарының спорт клуб қызметкерлері арасында ашық аудандық спартакиада жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Қаратөбеде спорт клуб қызметкерлері арасында ашық аудандық спартакиада өтті  Қаратөбе ауданында Батыс Қазақстан облысы аудандарының спорт клуб қызметкерлері арасында ашық аудандық спартакиада жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Қаратөбеде спорт клуб қызметкерлері арасында ашық аудандық спартакиада өтті

Қаратөбе ауданында Батыс Қазақстан облысы аудандарының спорт клуб қызметкерлері арасында ашық аудандық спартакиада жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Шара салауатты өмір салтын насихаттап, спорт мамандары арасындағы тәжірибе алмасуға, ынтымақтастықты арттыру мақсатында оздырылды.

Спартакиадаға облыстың Сырым, Ақжайық, Бөрлі, Шыңғырлау және Қаратөбе аудандарының спорт клуб қызметкерлері қатысты. Қатысушылар түрлі спорт түрлері бойынша бақ сынап, кәсіби шеберлік пен ұйымшылдық танытты.

Шараның ашылу салтанатына аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев қатысып, спортшыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

– Спорт бұл тек жарыс қана емес, ол тәрбие, рух, денсаулық пен бірліктің белгісі. Бүгінгі спартакиада облысымыздағы спорт мамандарының кәсіби байланысын арттырып, салауатты өмір салтын дәріптеуге арналған үлкен алаң болып отыр. Әсіресе ұлттық ойындарымыздың қайта жаңғырып жатқаны қуантарлық жағдай. Мұндай шаралар арқылы біз жастарға үлгі көрсетеміз, ұлттық рухты күшейтеміз. Баршаңызға жеңіс пен шабыт тілеймін!- деді.

Спартакиада қатысушылар футзал, стритбол, арқан тартыс, сондай-ақ ұлттық ойындар асық ату мен бес асық сынды ойын түрлерінен сайысқа түсті. Бұл ойын түрлерінде қатысушылар жоғары дайындық, ұйымшылдық және шеберліктерін көрсетті. Әсіресе, ұлттық ойындарға қатысушылар мен көрермендер ерекше қызығушылық танытты.

Жарыс қортындысында стритбол ойында:

І орын Шыңғырлау ауданы

ІІ орын Ақжайық ауданы

ІІІ орын Бөрлі ауданы

Бес асық ойында

І орын Перизат Дүйсенова (Қаратөбе ауданы)

ІІ орын Шынар Жолдыбаева (Шыңғырлау ауданы)

ІІІ орын Әсем Шукатова (Сырым ауданы)

Асық ату ойында

І орын Шыңғырлау ауданы

ІІ орын Бөрлі ауданы

ІІІ орын Қаратөбе ауданы

Арқан тартыс ойында

І орын Бөрлі ауданы

ІІ орын Сырым ауданы

ІІІ орын Ақжайық ауданы

Футзал ойында

І орын Қаратөбе ауданы

ІІ орын Ақжайық ауданы

ІІІ орын Бөрлі ауданы

Жалпы командалық есепте

І орын Шыңғырлау ауданы

ІІ орын Бөрлі ауданы

ІІІ орын Қаратөбе ауданы

Үздік нәтиже көрсеткен командалар дипломдармен, медальдармен, және бағалы сыйлықтармен марапатталды.