logo

Меню

Страницы

Статья

Құрылыс

Қазіргі таңда аудан бойынша тұрғын үй кезегінде түрлі санаттағы 349 адам тұр.

2021 жылы аудан орталығында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында үш 4 пәтерлі бір қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталып, өткен жылы аяқталып, 12 тұрғын баспаналы болды.

Аудан бойынша 22 елді-мекеннің 13 елді-мекені орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. 

Ауданымыздың 5 елді-мекенінің тұрғындарын таза сумен қамту мақсатында (Төлен, Сәуле, Қарақамыс, Алакөл, Бесоба) 3 жоба бойынша жобалық – сметалық құжаттамалары жасақталып, 2023 жылдың наурыз айында сараптама қорытындысы алынады деп жоспарлануда.

Халықпен есепті кездесуде Аққозы ауылдық округінің тұрғындарынан ауыз су үшін қосымша құдық қаздырып беру жөнінде өтініш түскен болатын. Жергілікті бюджеттен 3,9 млн. теңге бөлініп, «Жайықгидрогеология» ЖШС арқылы жаңадан ұңғымалық құдық қазылды.

Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен  Аққозы ауылдық округіне қарасты Қоржын ауылына 50 дана көше жарықтары орнатылды.

Дата публикации
14 июля 2022
Дата обновления
14 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Инфографики....
09 сентября 2026
Аққозы ауылдық округі әкімінің сайлауы
03 августа 2026
Аудиоролики

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы