
Аудандағы маңызды бағыттардың бірі – жаңа әлеуметтік саясат. Мемлекет халықтың әлеуметтік аз топтарына әрқашан ерекше назар аударып отырады.
«Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары» аясында жыл басынан мансап орталығына 1662 адам жолығып, 1119 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.
Жастар тәжірибесі бойынша жұмысқа орналастыру жоспары 100 адам, есепті кезеңге 77 адам жолданды.
Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыру жоспары 34 адам, есепті кезеңге 34 адам жолданды.
Ақылы қоғамдық жұмысты ұйымдастыру үшін жоспар 115 адам, есепті кезеңге 156 адам жолданды.
Күміс жас жобасы бойынша жұмысқа орналастыру жоспары 20 адам, есепті кезеңге 20 адам жолданды.
Жұмыс берушілер мәлімдеген бос жұмыс орындарына 503 адамды орналастыру жоспарланса, есепті кезеңге 524 адам орналастырылды.
575 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, есепті кезеңге 575 жаңа жұмыс орындары ашылды, соның ішінде 280 тұрақты жұмыс орындары, 295 уақытша жұмыс орындары.