logo

Меню

Страницы

Статья

Жер қатынастары

       Қаратөбе ауданының жер қатынастары саласы бойынша 2025 жыл бойынша мәлімет

 

             Аудан бойынша  2023 - 2025 жылдары аралығында 39 шаруа қожалғы  44497  га жер телімің мақсатында сай пайдаланылмай отырғаны анықталды

( 2023 жылы  6 шқ -4250 га , 2024 жылы 20 шқ-34097 га ,2025 жылы  13 шқ-6150 га).

             Жергілікті атқарушы органдар тарапынан осы пайдаланылмай отырған жер телімдері иелеріне түсінік жұмыстарын жүргізу нәтижесінде 28 шаруа қожалығы  20702  га жер телімін мемлекетке қайтарды, оның ішінде 2025 жылы қайтарылғаны  4840 га.              

              Қайтарылған  20702  га жер телімінің  6032 га қайтадан айналымға тартылды.(  соның ішінде   2023 жылғыдан 3200 га, 2024 жылғыдан 2332 га , 2025 жылғыдан 500 га айналымға тартылған )

             9 шаруа қожалығы мал басын тіркеп    14537 га жер телімін игеруге кірісті.

Жер телімін мақсатына сай игермеген 2 жер иеленушіге  ( жер көлемі 9258 га) тексеру жұмыстарын жүргізіп шара алу ушін БҚО жер ресурстарын басқару департаментіне хат жолданып, департамент тарапынан тексеру жүргізіліп ҚР Жер кодекісінің 92  бабының 4 тармағының 3 тармақшасы бұзылғаны анықталып ҚР Жер заңнамаларының бұзылуын жою үшін нұсқама  берілді  және ҚР ӘҚБ кодексінің 338 бабы бойынша   әкімшілік құқық бұзу туралы әкімшілік іс қозғалып ,  хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, БҚО жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан есепті жыл ішінде енгізілген бұзушылықты жою туралы нұсқамаларға сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жер учаскелерінің тізімі мемлекеттік кірістер департаментіне жолданып, ҚР Салық кодексінің 509-бабының сәйкес мақсаты бойынша пайдаланылмайтын немесе ҚР заңнамасын бұза отырып пайдаланатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша базалық мөлшерлері 20 есеге ұлғайтылады.

 

           2025 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне 6 ауылдық округ бойынша  4 рет конкурс өткізілді .  Конкурстарға көлемі 5625 га болатын 14 жер учаскесі шығарылып , қатысуға 36 өтініш түсті. Конкурс нәтижесі бойынша 12 өтініш иелері жеңімпаз болып табылып, көлемі  5325 га  жер учаскесі жеңімпаздарға берілді.

2 лот бойынша көлемі 300 га жер телімі өтініш беруші болмауына  және бір өтініш түсуіне себепті заң талабына қарай конкурс өтпеді деп табылып келесі конкурсқа қалдырылды.

 

                 2025 жылы    жер учаскесін  немесе  жер учаскесінің жалдау құқығын сату бойынша Мемлекеттік  мүлік Тізімінің веб-порталында  бағаны көтеру әдісімен 4 рет электрондық аукцион өткізілді . Оған аудан бойынша колемі  2,0851  га болатын 20 жер учаскесі шығарылып , құрылыстар мен ғимараттарға қызмет көрсету үшін 9 жер учаскесіне (көлемі 0,806 га) жеңімпаз анықталды

                  

Дата публикации
14 июля 2022
Дата обновления
12 января 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Инфографики....
09 сентября 2026
Аққозы ауылдық округі әкімінің сайлауы
03 августа 2026
Аудиоролики

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы