4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күніне орай орталықтандырылған кітапхана жүйесі және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығымен бірлесіп “Ел рәміздері ел-рухы” атты кеш ұйымдастырылды.
Мақсаты: жастардың білім деңгейін кеңейту, шығармашылық ізденісін байқау. Сөйлеу шеберліктерін жетілдіру,белсенділігін арттыру.
Рәміздеріміз - еліміздің тәуелсіздігін, бірлігін және болашағымызды бейнелейтін маңызды нышандар. Егемендігіміздің мызғымас нышандарының бірі.
Рухани білімге толы кеш ҚР-ның мемлекеттік әнұранымен бастау алды.
Рәміздер күніне арналған интелектуалдық ойынға аудан жастары белсене қатысты.
Ойын үш кезеңнен тұрды. I кезең - “Бәйге”, II кезең - “Рәміздерім мақтанышым”, lll кезең - “Шабытыңды шыңда”.
Кезең қорытындылары бойынша “Абырой” тобы белсенділік танытып l орынды иеленсе, “EQ” тобы шеберліктерін көрсетіп алғыс хатпен марапатталды.