logo

Меню

Страницы

Статья

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 бабына және Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына сәйкес Теректі ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын,  ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін, мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсты 2023 жылғы 24 мамыр сағат 1000 даөткізеді. Өтетін орны: Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Теректі ауылы, Сұңқар көшесі, 18 мекен-жайы.

 

Конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі

 

Жер учаскесінің №

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы, оның ішінде: алқаптардың құрамы мен түрлері, бонитет балы (бұданәрімәтінбойынша - балл.б)

Ауданы,га

Жалға алу мерзімі, жыл

Жер учаскесінің орналасқан жері (шаруашылық және аудан орталықтарынан орташа қашықтық)

 

Сумен қамтамасыз ету

1

жайылым, орташа балл б. - 28

216

10

Ақсуат  а/о,   Ақсуата. – 13,1  км

жоқ

2

шабындық, орташа балл б. - 25

65

10

Ақсуат  а/о,  Ақсуат а.– 5,4  км

жоқ

3

жайылым, орташа балл б. - 22

255

10

Ақсоғым а/о,  Табынбай а. – 3,9 км

жоқ

4

жайылым, орташа балл б. - 22

200

10

Ақсоғым а/о,   Бозай а. – 5,1 км

жоқ

5

жайылым, орташа балл б. - 20

599

10

Богданов а/о,  Придорожное а. – 6,5  км

жоқ

6

егістік, орташа балл б. - 31

391

10

Долин а/о,   Қоныссай а. – 1,4 км

жоқ

7

шабындық, орташа балл б. - 30

131

10

Теректі а/о,  Қабылтөбе  а. – 10,1  км

жоқ

8

шабындық, орташа балл б. - 30

168

10

Теректіа/о ,Қабылтөбе а.  – 11,6  км

жоқ

9

егістік, орташа балл б. - 22

358

10

Шаған а/о,  Бекей а. – 1,7 км

жоқ

10

егістік, орташа балл б. - 20

304

10

Шағатай а/о,  Құтсиық а.– 1,5 км

жоқ

11

жайылым, орташа балл б. - 16

477

10

Шалқар  а/о,  Сарыөмір а. – 12,3 км

жоқ

12

егістік, орташа балл б. - 21

364

10

Шалқар  а/о,  Сарыөмір а. – 10,1 км

жоқ

 

ЕСКЕРТПЕ

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң 2023 жылдың 28 сәуір мен 23 мамыр аралығында,сағат 09.00 -дан бастап сағат 17.00 аралығында өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі. Өтінімді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» № 518 бұйрығымен бекітілген қағидада көрсетілген талаптарға сәйкес қабылданады.Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.

Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның

тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралымәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерініңмөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушыларынемесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралымәліметтер:

Жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басынкуәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендірунөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;

2)Өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;

3)конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

4) конкурстық ұсыныс;

5) Өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуүшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстыңжеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығыөндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жерпайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үшжұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныста:

  • Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру

алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауылшаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарыныңсаны);

2) Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығыинфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда,Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануынасәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандырубойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды,фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуғатиіс.

Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтінсиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар(немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – біріншібасшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде "шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беружөніндегі конкурс" және " жылғы__________"_____ " дейін ашуға болмайды" (ашудың нақтыкүні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

Конкурсты өткізу туралы қосымша ақпаратты (өтінім нысандары мен конкурсты өткізу ережесі) мына сайттан алуға болады: https://www.terekta-bko.gov.kz/немесе телефон арқылы 8(71132)-23-3-49 - "Теректі ауданының жер қатынастары бөлімі"ММ.

 

Дата публикации
30 марта 2023
Дата обновления
30 марта 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

16 октября 2026
Инфографики....
09 сентября 2026
Аққозы ауылдық округі әкімінің сайлауы
03 августа 2026
Аудиоролики

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы