ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ

КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

 

 

Қаратөбе  ауылы                      №5                         2026 жылғы 8 сәуір                                             

 

 

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы,

Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылдық округі әкімінің

сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

 

 

        «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6-тармағына,            21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау  комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қаратөбе ауданының Қоскөл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Қоскөл ауылдық округі аумағының шекарасында - Қоскөл сайлау округі құрылсын.

2.Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының, учаскелік сайлау комиссияларының  орналасқан жері, комиссия құрамы және сайлау округінің тізімі, оның шекарасы Қаратөбе ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық қоғамдық-саяси «Қаратөбе өңірі» газетінде жариялансын.

  1. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

                                     

 

                                      Төраға:                       Б.Жүсіпқали                                                  

 

                                       Хатшы:                            Е.Ғабдраш

Дата публикации
08 апреля 2026