ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ
Қаратөбе ауылы №6 2026 жылғы 8 сәуір
Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы,
Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылдық округі әкімінің
сайлауын 2026 жылғы 17 мамырға тағайындау туралы.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына, 113-1-бабының 1-тармағы 1)-тармақшасына және 2-тармағына сәйкес, Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Қоскөл ауылдық округі әкімінің сайлауы 2026 жылғы 17 мамырға тағайындалсын.
- 2026 жылғы 17 мамырға тағайындалған Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Қоскөл ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
- Осы қаулының көшірмесі Қаратөбе ауданының әкіміне жолдансын.
- Осы қаулы Қаратөбе ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық қоғамдық-саяси «Қаратөбе өңірі» газетінде жариялансын.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Төраға: Б.Жүсіпқали
Хатшы: Е.Ғабдраш