Конкурсты өткізу туралы хабарлама

Конкурсты өткізу туралы хабарлама

                Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 бабына және Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы  20 желтоқсандағы N518 бұйрығына сәйкес Жәнібек ауданы әкімдігі 2026 жылғы 14 мамыр күні сағат 15:00-де ҚР, БҚО, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Ғ.Қараш көшесі № 61 мекенжайы бойынша аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында  шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурс өткізеді.

Конкурсқа шығарылған жер учаскелерінің тізбесі

№ лот

Орналасқанжері

Жер көлемі,

гектар

Жалға беру мерзімі, жыл

Алқаптардың құрамы

Топырақтың сапалық сипаттамасы: қою-қоңыр, бонитет балы

1

2

3

4

5

6

1

Ақоба ауылдық округі «Е.Е.Е.» ШҚ 1000 гектар және «Елдар» ШҚ жер учаскелерімен шекаралас орналасқан

425

10

жайылым

балл бонитет 17

2

Борсы ауылдық округі «Аяд» ШҚ 500 гектар жер учаскесімен шекаралас орналасқан

500

10

жайылым

балл бонитет 18

3

Борсы ауылдық округі  «Абу» ШҚ мен «Қызылжар» ШҚ   жер учаскелерімен шекаралас

500

10

жайылым

балл бонитет 18

4

Қамысты ауылдық округі  «Димаш» ШҚ шекаралас орналасқан

500

10

жайылым

балл бонитет 22

5

Тау ауылдық округі «Армат» ШҚ жерімен шекаралас

350

10

жайылым

балл бонитет 23

6

Талов ауылдық округіндегі «Рамзан» ШҚ және Талов ауылдық округіндегі «Коняев» ШҚ жер учаскелері аралығында орналасқан

200

10

егістік

балл бонитет 22

7

Талов ауылдық округіндегі «Нива» ШҚ –ның шығыс бағытында орналасқан

700

10

егістік

балл бонитет 22

8

Талов ауылдық округінің солтүстік бағытындағы суармалы егістік

400

10

Суармалы егістік

балл бонитет 22

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң 2026 жылдың 20 сәуір мен 13 мамыр аралығында, сағат 09.00 -дан бастап сағат 18.00 аралығында Жәнібек ауылы, Иманов көшесі №71 мекен жайы бойынша өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі. Өтінімді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы  № 518 бұйрығымен бекітілген қағидаға көрсетілген талаптарға сәйкес қабылданады. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімде Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағында көрсетілген мәліметтер қамтылуы тиіс.

Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің орналастыру схемасымен аудандық жер қатынастары бөлімінде, Жәнібек ауданы әкімі аппаратының интернет ресурсында (zhanibek-bko.gov.kz)  «Жер қатынастары» бөлімінде танысуға болады.

Дата публикации
02 апреля 2026