Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиевтің төрағалығымен 2026 жылғы 30 наурыз күні өткізілді.
Комиссия отырысының күн тәртбінде аудандық білім беру бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Е.Рабаева «Кәмелетке толмағандар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған жол картасының орындалу барысы туралы» хабарлама жасады, Сондай-ақ Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Салахаден «Дене шынықтыру және спорт саласында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасын іске асыруға арналған бірыңғай іс-қимыл алгоритмнің орындалу барысы туралы», Сулыкөл ауылдық округінің әкімі А.Бисембай, Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Е.Сайнов «Сулыкөл, Қаратөбе ауылдық округтеріндегі терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және таралу шарттарын болдырмау мақсатындағы жұмыстар туралы», аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамту және шаруашылық жүргізі бөлімінің бас инспекторы М.Шамшенов «Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның алдыңғы отырыстарында берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы» туралы хабарламалар жасады.
Жиын соңында комиссия төрағасы Қ.Сүйеуғалиев тиісті мекемелерге және округ әкімдеріне тапсырмалар берді.