Мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға инватакси қызметін көрсету

Мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға инватакси қызметін көрсету

 

 Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

2026 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау жөніндегі қызметтерді Портал арқылы немесе Кодекстің 169-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастырады.

 

 Мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға инватакси қызметін көрсетуге көрсетілімдер мыналар болып табылады:

1) «Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығына (Нормативтік құқықтық  актілерді       мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32994 болып тіркелген) 1-қосымшаға сәйкес жеке көмекшінің қызметтерін ұсынуға медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер;

2) «Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, олардыауыстыру  мерзімдерін қосаалғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32993 болып тіркелген) 2-қосымшаның 5-тармағына сәйкес протездік-ортопедиялық көмекті, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды және арнаулы жүріп-тұру құралдарын беруге медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер;

3) екінші және үшінші дәрежелі өзіне-өзі қызмет көрсету және өзінің мінез-құлқын бақылау қабілеті шектелген ауыр және айқын психикалық бұзылулар.

Мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметін көрсету үшін мүгедектіктің белгілеу мерзіміне арналған дәрігерлік-консультациялық комиссияның қолданыстағы қорытындысы негіз болып табылады.

Инватакси қызметін көрсету кезінде:

1) кресло-арбалармен қозғалатын және (немесе) өз бетінше қозғалу мүмкіндігі жоқ мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау үшін отырғызуға және түсіруге арналған арнайы гидравликалық немесе жылжымалы (ашылатын) құрылғымен және кресло-арбаларды бекітуге арналған құралдармен жарақтандырылған автокөлік пайдаланылады;

2) өз бетінше жүріп-тұру мүмкіндігі бар және кресло-арбаларды пайдаланбайтын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау үшін отырғызуға және түсіруге арналған арнайы гидравликалық немесе жылжымалы (ашылатын) құрылғымен және кресло-арбаларды бекітуге арналған құралдармен жарақтандырылмаған автокөлік құралдарын пайдалануға жол беріледі.»;

12 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды инватакси конструкциясында көзделген қауіпсіздік белдіктерінің көмегімен баланы байлауға мүмкіндік беретін арнайы балалар ұстау құрылғысы немесе өзге де құралдар болмаған кезде, ал арнайы балалар ұстау құрылғысы болмаған кезде инватаксидің алдыңғы отырысында инватакси тасымалдауға жол берілмейді.»;

        Қаратөбе ауданының ауылдық округтерінде , ауылдарында тұратын мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметін көрсету үшін Қаратөбе ауданының аумағында орналасқан объектілер мен бағыттардың тізбесі:

      1) мүгедектігі бар адамның жұмыс орны;

      2) мүгедектігі бар адамның оқу орны;

      3) жергілікті өкілді және атқарушы органдар;

      4) сот, прокуратура;

      5) әлеуметтік инфрақұрылым объектілері;

      6) заң консультациялары;

      7) нотариус;

     8) медициналық мекемелер (жедел (шұғыл) медициналық көмекті көрсету жағдайларды   қоспағанда);

     9) әуежайлар, теміржолвокзалдары, автовокзалдар, теңіз және өзен          

 порттары;

      10) арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін ұйымдар;

     11) мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктері үшін массаж қызметтерін көрсететін        ұйымдар.

 Инватаксидің жұмыс режимі тәулік ішінде күндізгі және түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері;

Инватакси қызметтері жұмыс, оқу кестесіне, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымның жұмыс кестесіне сәйкес мүгедектігі бар адамдар болып табылатын жұмыс істеушілерге, білім алушыларға, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілеріне бірінші кезектегі тәртіппен ұсынылады. Мүгедектігі бар өзге адамдарға инватакси қызметтері олардың жүгіну тәртібімен ұсынылады.

 «1-параграф. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тасымалдау бойынша қызметтер көрсету тәртібі»;

 Инватакси қызметін алу үшін мүгедектігі бар адам немесе оның заңды өкілі (бұдан әрі – өтініш беруші) тұрақты тіркелген жері бойынша жергілікті атқарушы органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектігі бар адамдарды инватаксиге тасымалдау жөніндегі қызметті алуға өтінішті және «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұсынылатын мүгедектігі бар адамның жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты береді.

Жергілікті атқарушы органдардың жауапты орындаушысы өтінішті қабылдау кезінде мүгедектігі бар адамның жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне «Электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) арқылы мынадай мәліметтерді алу үшін сұрау салулар қалыптастырады:

1) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжат туралы;

2) мүгедектікті белгілеу туралы;

3) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 026/е нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы туралы.

«2-параграф. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен мемлекеттік сатып алу арқылы тасымалдау бойынша қызметтер көрсету тәртібі»;

. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау бойынша қызметтер көрсету Портал мәселелері жөніндегі комиссияның қорытындысы негізінде Порталда қызметтер көрсетуші болмаған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Инватакси қызметін алу үшін өтініш беруші инватакси қызметін көрсететін ұйымға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтініш (еркін нысанда);

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе туу туралы куәлік;

3) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 026/е нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;

4) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 32922 болып тіркелген) 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектік туралы анықтама.

 

Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

 

Дата публикации
22 декабря 2025