Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы 2025 жылғы 28 қараша күні аудан әкімдігі ғимаратында өтті.

Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы 2025 жылғы 28 қараша күні аудан әкімдігі ғимаратында өтті.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды, оның бірі «Қаратөбе ауданы білім беру бөлімінің балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы» КММ-нің директоры Омаров Айбат Шайжанұлы, «Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің «Балалар шығармашылық үйі» МКҚК-ның директоры Акдунова Сагира Шаколовна, «Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің «Саз мектебі» директоры Есенгелдин Жанболат Сейсенғалиұлы және екіншісі Кәмелетке толмағандарды салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен айналысуға баулу мақсатында жүргізілген жұмыстар және проблемалық мәселелер туралы  «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Қаратөбе ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ-нің директоры Тналиев Екпін Батырханұлы хабарлама жасады.

Аталған мәселелер комиссия мүшелері тарапынан талқыланды. Жиын соңында комиссия төрағасы Шайжанов Мұхтар Мерекеұлы жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берді.

Дата публикации
03 декабря 2025