ЕГІНДІКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ
ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес, 2025 жылғы 23 қараша күні Егіндікөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына және 113-11-бабына сәйкес Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 25 қарашадағы №32 шешіммен Егіндікөл ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді:
Калиев Зейнулла Гайноллиевич 1976 жылы туған, жұмыссыз. Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Мичурин ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынды;