Қаратөбе аудандық мәслихатының №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайланған депутатты
тіркеу туралы
ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабы 9)-тармақшасына, 45 бабына, және 112-бабы 1-тармағына сәйкес Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 28 қазандағы №26 шешімімен Қаратөбе аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайланған №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша депутаты болып тіркеді:
Шүрмен Бауыржан Серікұлы 1990 жылы туған, "Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қаратөбе" спорт клубы" МКҚК-нің директоры, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылында тұрады.
Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы