Сағат 14.00-ге №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған Қаратөбе аудандық мәслихаты депутатының орнына сайлауында сайлаушылардың дауыс беруге келуі туралы ақпарат
26 қазан 2025 жыл
Учаскелік сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес 2025 жылғы 26 қазан , сағат 14.00-дегі жағдай бойынша жалпы тізімге енгізілген сайлаушылардың 57,7 %-ы сайлау бюллетеньдерін алды.
Дауыс беру Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес өтуде, құқық бұзушылықтар анықталған жоқ, арыз-шағымдар түскен жоқ.
Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы