ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

 

ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

 

 Қаратөбе  ауылы                      №12                         2025 жылғы 15 қазан                                              

 

 

Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы,

Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылдық округі әкімінің

сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

 

 

        «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6-тармағына,            21-бабының 4-тармағына және 22-бабына сәйкес Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау  комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қаратөбе ауданының Егіндікөл ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша Егіндікөл ауылдық округі аумағының шекарасында - Егіндікөл сайлау округі құрылсын.

2.Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының, учаскелік сайлау комиссияларының  орналасқан жері, комиссия құрамы және сайлау округінің тізімі, оның шекарасы Қаратөбе ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық қоғамдық-саяси «Қаратөбе өңірі» газетінде жариялансын.

  1. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

                                              

                                       Төраға:                           Б.Жүсіпқали                                                   

 

                                       Хатшы:                            Е.Ғабдраш

 

 

Дата публикации
15 октября 2025