Жаңару күніне орай аудан әкімдігінің қолдауымен Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясында «Көкжиек» жас оқырмандар дүниетанымын кеңейтуге арналған жобаның ашылуы өтті.

Жаңару күніне орай аудан әкімдігінің қолдауымен Қ.Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп-гимназиясында «Көкжиек» жас оқырмандар дүниетанымын кеңейтуге арналған жобаның ашылуы өтті.

Жоба оқырмандардың білімін шыңдап, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, топпен жұмыс істей отырып, ұйымшылдыққа баулу, оқырмандарды оқу мәдениеттілігіне және ақпараттық сауаттылыққа тәрбиелеу, оқырмандардың имиджін көтеру, кітапхананың ең үздік оқырмандарын анықтау және марапаттау мақсатында оздырылды.

Шарада сөз алған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мәулен Салахаддин жобаның ашылумен құттықтады.

– Жаңа мүмкіндіктерге, жаңа идеяларға және жаңа білім көкжиектеріне жетелейтін «Көкжиек» дүниетанымын кеңейтуге арналған жобаның ашылуымен құттықтаймын! «Көкжиек» жобасы – адамзаттың таным кеңістігін кеңейтуге арналған жаңа бастама. Жоба білім мен руханиятқа, ұлттық мұрамыз бен заманауи ой-өрісімізді ұштастыратын ерекше бағдарлама болғалы тұр. Бүгінгі жобамызға қатысқандарыңызға алғысымды білдіремін. Баршаңызға шығармашылық шабыт, табыс, кітапқа деген сүйіспеншілік тілеймін. Кітап әрқашан сіздің серігіңіз болсын, - деді бөлім басшысы.

Жоба аясындағы байқау «Алтын сақа» (Жантас Сафуллиннің «Жетпіс палуан» кітабынан шағын көрініс (ұзақтығы 5 минут) қойылуы керек. Әр топқа Жантас Сафуллиннің «Жетпіс палуан» кітабынан 25 сұрақтан тұратын тест сұрақтары беріледі), «Күміс таға» (Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасынан эпизод бойынша көрініс қойылуы керек. Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасынан 25 сұрақтан тұратын тест сұрақтарына жауап береді), «Алатау» (Қатысушы поэзия жанрындағы шығармаларын оқиды, проза жанры бойынша тапсырмалар орындайды, оқырманның өз туындысынан еркін тақырыпта 1 өлең жатқа оқиды, еркін тақырыпта поэзиялық диалог, көрнекті ақындардың өмірбаяны мен шығармаларынан 25 сұрақтан тұратын тест орындайды) сынды үш кезеңнен тұрып, жыл бойы өтеді.

Рухани шарада Жантас Сафуллиннің «Жетпіс палуан» кітабының таныстырылымы өтті.

- «Жетпіс палуан» кітабы тарихи деректер негізінде дайындалды. Бала кезімізде «Жетпіс палуан» туралы әңгімені өз әкем Набиолла Сафиоллаұлы, әкемнің інісі Төлеген Сафиоллаұлының аузынан талай естігенбіз. Құлпытастарды зерттеумен айналысып жүрген кезімізде де, Жетпіс палуанның ұрпақтарын, құлпытасын іздеп жүрдік. Кейіннен Жетпіс палуанның аталасынан тарайтын ұрпағы Сейфолла Құмарұлы хабарласып, біраз дерек берді. Сол кісінің айтуымен құлпытасын тауып, белгі қойдық. Нақты мәліметтерге қаныққан соң, Жетпіс палуанды кітап қылып шығардық.

Бұдан ары қарай балалар үшін «Сырым батыр», «Аштықтан құтқарған аңшы» атты комикс жанрындағы кітаптар шығарудамыз, - деді кітаптың авторы Жантас Набиоллаұлы.

«Жетпіс палуан» - комикс жанрындағы тарихи әңгіме.

Кітап балаларға телефонның кері әсерінен арылып, спортпен шұғылдануға шақырып, туған елдің тарихын танып, бойдағы күш-қайратты халықтың пайдасына жаратуға бағытталған. Туған елдің тарихын танып, бойдағы күш-қайратты халықтың пайдасына жаратуға тәрбиелеуге бағытталған. Жетпіс Бақтыбайұлы - құлпытасындағы дерек бойынша 1812-1896 жылдары өмір сүрген. Ол - ерекше қажыр-қайратымен ағайын-тумасына, халқына қорған болған кәсіби палуан.

Басқосуда БҚО Қазақстан Халық Ассамблеясының «Жомарт жан» орталығы төрағасының орынбасары, Алаш және Қайыржан Хасановтың тарихи-өлкетану музейінің қалаушысы, кәсіпкер, Көкжиек дүниетаным жоба демеушісі Ержан Қайыржанұлы, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Берікжан Ғарапшиев, Қаратөбе аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәулен Ғалиоллаұлы сөз алып, бастамаға сәттілік тіледі.

Дата публикации
02 октября 2025