Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиевтің төрағалығымен 2025 жылғы 11 қыркүйек күні өткізілді.
Комиссия отырысының күн тәртібінде Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің Терроризм және діни экстремизмнің алдын алу және оны болдырмау бағытындағы әлеуметтік желілерде, баспасөздерде жарияланған материалдары және теле-радио хабарларында жүргізілген жұмыстары туралы Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Сафуллин, Сулыкөл, Қаратөбе ауылдық округтеріндегі терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және таралу шарттарын болдырмау мақсатындағы жұмыстары туралы Сулыкөл ауылдық округінің әкімі А.Бисембай, Қаратөбе ауылдық округінің әкімі Е.Сайнов хабарлама жасады.
Жиын соңында комиссия төрағасы Қ.Сүйеуғалиев тиісті мекемелерге және округ әкімдеріне тапсырмалар берді.