Қаратөбе ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының
2025 жылғы 27 тамыздағы
№10 қаулысына қосымша
2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған Қаратөбе аудандық мәслихатының
№5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі
іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
|
1. Сайлау округі туралы, аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей 2025 жылғы 6 қыркүйектен кешіктірмей (22-б. 2-т., 2-1-т.)
|
|
2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей 2025 жылғы 6 қыркүйектен кешіктірмей (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)
|
|
3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде 2025 жылғы 11 қыркүйекке дейін (23-б. 5-т.)
|
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде 2025 жылғы 11 қыркүйекке дейін (17-б. 2-т.)
|
|
5. №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну
|
|
|
|
Азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен және саяси партияның, өзге де қоғамдық бірлестіктің тиісті филиалының (өкілдігінің), жоғары басшы органы Дауыс беру күнінен алпыс күн бұрын басталады және сайлау күніне отыз күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады 2025 жылғы 27 тамызда басталады және 2025 жылғы 25 қыркүйек сағат 18.00-де аяқталады (103-б.) |
|
6. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу |
|
|
|
№5 округтік сайлау комиссиясы Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін (102-б., 103-б. 6-т.)
|
|
7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына (ұсыну мерзімі басталатын айдын бірінші күніне) 2025 жылғы 1 тамызына активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну |
|
|
|
Кандидат және оның зайыбы (жұбайы) Тіркелгенге дейін (104-б. 2-т.)
|
|
8. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу |
|
|
|
№5 округтік сайлау комиссиясы, Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Дауыс беру күнінен алпыс күн бұрын басталады және сайлау күніне жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады 2025 жылғы 27 тамызда басталады және 2025 жылғы 30 қыркүйек күні сағат 18.00-де аяқталады (104-б)
|
|
9. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы аудандық сайлау комиссиясына ұсыну |
|
|
|
№5 округтік сайлау комиссиясы Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде (104-б. 5-т.)
|
|
10. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
№5 округтік сайлау комиссиясы Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей (104-б. 6-1-т. 1-тт., 16-1 б. 6-тт.)
|
|
11. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу |
|
|
|
№5 округтік сайлау комиссиясы Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін (16-1-б, 6-тт., 31-б.) |
|
12. Кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|
|
|
Қаратөбе ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде (104-б. 2-т.) |
|
13. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу |
|
|
|
№5 округтік сайлау комиссиясы Кандидат тіркелгеннен кейін (34-б. 6-т.) |
|
14. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау |
|
|
|
№5 округтік сайлау комиссиясы Айына екі рет Қағиданың 23-т
|
|
15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру |
|
|
|
Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты және Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін 2025 жылғы 30 қыркүйекке дейін (28-б. 6-т.)
|
|
16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2025 жылғы 30 қыркүйек сағат 18.00-ден басталады және 2025 жылғы 25 қазан сағат 00.00-де аяқталады (27-б. 2-т.) |
|
17. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты және Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) |
|
18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Қаратөбе ауданының әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2025 жылғы 5 қазан (26-1 б. 1-т.) |
|
19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
№277 учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2025 жылғы 10 қазаннан бастап (26-б. 1-т.) |
|
20. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету |
|
|
|
№277 учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2025 жылғы 15 қазаннан кешіктірмей (18-б. 8) т., 38-б. 2-т.)
|
|
21. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу |
|
|
|
Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей 2025 жылғы 23-25 қазан (37-б. 3-т.) |
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
№277 учаскелік сайлау комиссиясы Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2025 жылғы 26 қазан жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (38-б. 1-т., 40-б. 1-т.) |
|
23. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
№277 учаскелік сайлау комиссиясы Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) |
|
24. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде мәслихат депутатын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
|
|
|
№277 учаскелік сайлау комиссиясы дауыстарды санау басталғаннан 12 сағаттан аспайды, 2025 жылғы 26 қазан жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б.)
|
|
25. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
№277 учаскелік сайлау комиссиясы Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.)
|
|
26. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды округтік сайлау комиссиясына ұсыну |
|
|
|
№277 учаскелік сайлау комиссиясы Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (108-б. 1-т.)
|
|
27. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну |
|
|
|
№5 округтік сайлау комиссиясы Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (108-б. 1-т.)
|
|
28. Қаратөбе аудандық мәслихатының №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындыларын анықтау |
|
|
|
Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен кешіктірмей 2025 жылғы 27 қазаннан кешіктірмей (108-б. 2-т.)
|
|
29. Қаратөбе аудандық мәслихатының №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2025 жылғы 1 қарашадан кешіктірмей (14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)
|
|
30. Қаратөбе аудандық мәслихатының №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайланған депутатты тіркеу және куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру |
|
|
|
Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы (14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)
|
|
31. Сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері мен сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн бес күн ішінде (34-б. 4-т.) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларының (ҚР ОСК 1999 жылғы 7 тамыздағы №19/222 қаулысы) нормаларына сілтемелер берілді.