ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ  

ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ

КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

 

 

 

Қаратөбе  ауылы                            №10                   2025 жылғы 27 тамыз                                                

 

 

 

 

№5 бірмандаттық аумақтық сайлау

округі бойынша Қаратөбе аудандық

мәслихатының шығып қалған депутатының

орнына сайлауды тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1 және 6-тармақтарына,   103-бабының 7-тармағына, 104-бабының 8-тармағына сәйкес Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған Қаратөбе аудандық мәслихаты депутатының орнына сайлау 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалсын.
  2. Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2025 жылдың 27 тамызынан басталады және 2025 жылғы 25 қыркүйек жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2025 жылғы 27 тамыздан басталып, 30 қыркүйек жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00 аяқталады.  
  3. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылғы 26 қазанға тағайындалған Қаратөбе аудандық мәслихатының №5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. Осы қаулы Қаратөбе ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және «Қаратөбе өңірі» аудандық қоғамдық–саяси газетінде жариялансын.

 

 

 

                                        Аумақтық сайлау

                                комиссиясы төрағасы  Б.Жүсіпқали                                                   

 

                                       

 

           

Дата публикации
27 августа 2025