Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы 2025 жылғы 19 тамыз күні аудан әкімдігі ғимаратында өтті.

Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы 2025 жылғы 19 тамыз күні аудан әкімдігі ғимаратында өтті.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды, оның бірі жастар арасында кәмелетке толмағандармен жүргізілген жұмыстар және проблемалық мәселелер туралы Қаратөбе ауданының ішкі саясат бөлімінің Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының әдіскері Абаев Нұрәділ Ізтұрғанұлы және екіншісі Психикалық дамуында ауытқуы бар кәмелетке толмағандарға әлеуметтік-оңалту және психикалық-педагогикалық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар туралы Қаратөбе ауданының Психологиялық-педагогикалық  түзеу кабинетінің әдіскері Қабесова Мирагүл Қайырбекқызы  хабарлама жасады.

Аталған мәселелер комиссия мүшелері тарапынан талқыланды. Жиын соңында комиссия төрағасы Сұлтан Жасұлан Кәрелұлы жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берді.

Дата публикации
20 августа 2025