Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

3-косымша

Нысан

Өтініштер бойынша жиі қойылатын сұрақтардың тізбесі

№

Меморган

Жиі қойылатын сұрақ

Қысқаша жауап

Толық жауап

НҚА-ға сілтеме

Кілт сөздер және хештегтер

1

«Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» ММ

"Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйді қалай алуға болады?

Тұрғын үйге мұқтаж азамат ретінде кезекке алынып, кезектілік тәртібімен беріледі.

 

Қазақстан Республикасының  «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабы 1 және 3 тармақтарына сәйкес тұрғын үй барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш берілген кезден бастап, тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі, аталған тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады, егер осы заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын  үй қорынан тұрғын үй алуға бұл тізімге енгізілген басқалар алдында Ұлы Отан соғысының қатысушыларын, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарды, көпбалалы отбасыларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды.

 

Қазақстан Республикасының  «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы

 

Тұрғын үй, кезек

2

«Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» ММ

Мал шаруашылығы үшің жерді қалай алуға болады

 

 

Конкурс арқылы беріледі.

Қазақстан Республикасының жер Кодексінің 43-1 бабына сәйкес мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен беру жөніндегі конкурс негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының жер Кодексі

Жер учаскесін конкурсқа шығару, жер беру

3

«Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» ММ

Жұмыссыз азаматтар жұмыссыздар ретінде қалай тіркеле алады

Enbek.kz сайты арқылы немесе мансап орталығы тіркеледі.

Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII Әлеуметтік кодексінің 99-бабына сәйкес «Электронды еңбек биржасы»   Enbek.kz сайты арқылы немесе мансап орталығына барып жұмыссыз ретінде тіркеле алады.

Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII Әлеуметтік кодексі

Жұмыссыз ретінде тіркеу, кезекке қою

4

«Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» ММ

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін бір түрден екінші түрге қалай ауыстыруға болады

egov порталы арқылы өтініш бересіз

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығының 8 қосымшасына сәйкес «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру» мемлекеттік қызмет болып табылады. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттармен бірге egov арқылы өтініш беріледі.

 

ҚР Жер Кодексінің 98 бабы және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығы

Жер учаскелері, бір түрден екінші түрге ауыстыру

5

«Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» ММ

Ауыл шаруашылығы техникаларын қалай есепке алады?

www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (ХҚКО)немесе қызметті берушінің кеңсесі (АШБ) арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығымен бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және-жол құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 2 тарау, 12 тармағына сәйкес  жүзеге асады. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарын egov арқылы немесе қызмет берушінің кеңсесіне жүгіну арқылы өтініш білдіреді.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығы

Ауыл шаруашылығы техникалары, есепке алу

6

«Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» ММ

Елді-мекен шегінде объекті салу үшін жер учаскесін қалай алады

Азаматтарға арналған үкімет МК КЕАҚ  арқылы (ХҚКО) немесе электронды үкіметтің веб-порталы арқылы өтініш беріледі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаға сәйкес көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 бұйрығы

Елді-мекен, объект

7

«Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» ММ

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша алған бюджеттік несиені мерзімінен бұрын өтеуге болады ма ?

Бюджеттік кредиттеуді мерзімінен бұрын үш жыл өткеннен кейін өтеуге рұқсат етіледі

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» қағидасының  9 тармағына сәйкес денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері үшiн тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит беру сенiм бiлдiрiлген өкiлмен (агентпен) шарт болған жағдайда жүзеге асырылады.

Тиісінше Тапсырма шартының 5.1.15 тармақшасына сәйкес қарызды толық мерзімінен бұрын өтеуге ауылдық елді мекенінде  үш жыл жұмыс істегеннен кейін  рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығы. «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну»

Дипломмен ауылға бағдарламасы, бюджеттік несие

8

«Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты» ММ

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген жалға берілетін тұрғын үйді жекешелендіруге бола ма?

 

Жалға берілетін тұрғын үйді жекешелендіруге рұқсат етіледі

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 13-бабының 1-тармағына сәйкес, осы Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйді кәмелетке толған отбасы мүшелерінің келісімімен және кәмелетке толмағандардың құқықтарын ескере отырып, қалдық құны бойынша жекешелендіруге болады. Сонымен қатар, осы Заңның 13-бабының 8-тармағына сәйкес, белгілі бір санаттағы азаматтар тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығына ие.

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы, 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94

тұрғын үйді жекешелендіру

 

9

 

Тракторшы-машинист куәлігін қалай алуға болады?

www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы немесе қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/270 бұйрығымен бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына емтихандар қабылдау және куәлiктер беру қағидалары бойынша жүзеге асады. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттарын egov арқылы немесе қызмет берушінің кеңсесіне жүгіну арқылы өтініш білдіреді.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/270 бұйрығы

Тракторшы-машинист куәлігі

10

 

Дүкен салу үшін жер учаскесін қалай алуға болады

Коммерциялық мақсаттағы жер учаскелерін аукционға қатысу арқылы беріледі.

құрылыстар мен ғимараттарды салу үшін жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі аукционға
сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің «gosreestr» веб-порталында электрондық түрде қатысады.

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығы.

Коммерциялық бағыттағы жер учаскелері

 

Дата публикации
06 августа 2025