Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы

Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы 2025 жылғы 31 шілде күні аудан әкімдігі ғимаратында өтті.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды, оның бірі аудан бойынша кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың және құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде 6 айда атқарған іс-шаралары туралы Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің отбасы, тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы, полиция майоры Гарифоллиева Жанаргүл Ғарифоллақызы  және екіншісі кәмелетке толмағандардың панасыз, қараусыз қалуының алдын алу, өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды анықтау, қолайсыз отбасылардың жағдайы туралы Аққозы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ж.Бердіғалиева, Саралжын ауылдық округінің әкімі Д.Оразақаев хабарлама жасады.

Аталған мәселелер комиссия мүшелері тарапынан талқыланды. Жиын соңында комиссия төрағасы Сұлтан Жасұлан Кәрелұлы жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берді.

Дата публикации
31 июля 2025