Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның кезекті отырысы

Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның кезекті отырысы 2025 жылғы 24 маусым күні өткізілді.

Аталған жиынның күн тәртібінде Пробация қызметінің инспекторы С.Байғалиев пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандармен   атқарған жұмыстары туралы, Мансап орталығының директоры М.Кажгереев пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды нарықтық сұранысқа ие мамандықтарға даярлау, жұмысқа орналастыру және  олардың міндетті зейнетақы төлемдерінің жүруін үнемі бақылап, қадағалау мәселелері туралы хабарлама жасады.

Сондай-ақ Аққозы, Қоскөл ауылдық округіндегі пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандармен атқарған жұмыстары туралы Аққозы ауылдық округі әкімі А.Тойшыбаев, Қоскөл ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы Д.Кеңесов хабарлама жасады. Жиын соңында комиссия төрағасы Ж.Сұлтан тиісті мекемелерге тапсырмалар берді.   

Дата публикации
24 июня 2025