Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы 2025 жылғы 24 маусым күні аудан әкімдігіғимаратында өтті.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды оның жазғы кезеңде балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы және екіншісі балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды жүзеге  асыру жөніндегі өңірлік жол картасы аясындағы іс шаралар жоспарының  орындалуы туралы Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің тәрбие жөніндегі әдіскері А.Сары хабарлама жасады.

Аталған мәселелер комиссия мүшелері тарапынан талқыланды. Жиын соңында комиссия төрағасы Сұлтан Жасұлан Кәрелұлы жауапты мекемеге тиісті тапсырмалар берді.

Дата публикации
24 июня 2025