Қаратөбе ауданы, Жусандой ауылдық округі әкімінің
сайлау қортындысы туралы
ХАБАРЛАМА
2025 жылдың 22 маусымында Қаратөбе ауданы Жусандой сайлау округі бойынша, Жусандой ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14- бабының 9 тармақшасына, 44- бабының 2 тармағына, 113-10- бабына сәйкес, Қаратөбе ауданы Жусандой ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 689 азамат енгізілді, оның – 458 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 8, «Барлығына қарсы» -4.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Бакытжанов Б.Р. -371 (83,2%)
Тойшыбаев Е.Н. - 32 (7,2%)
Утегенов М.А. - 43 (9,6%)
Жусандой ауылдық округі әкімі болып Бакытжанов Бекболат Рахымгалиевич сайланды. 1972 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Жусандой ауылы тұрғыны, «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қаратөбе аудандық филиалы ұсынды.
Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы