Қаратөбе ауданы, Сулыкөл ауылдық округі әкімінің
сайлау қортындысы туралы
ХАБАРЛАМА
2025 жылдың 22 маусымында Қаратөбе ауданы Сулыкөл сайлау округі бойынша, Сулыкөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14- бабының 9 тармақшасына, 44- бабының 2 тармағына, 113-10- бабына сәйкес, Қаратөбе ауданы Сулыкөл ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1166 азамат енгізілді, оның – 810 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 6 «Барлығына қарсы» -5.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Бердіғалиева Ж.Қ. -69 (8,6%)
Бисембай А.С. - 661 (82,8%)
Уәлиетденов Д.С. - 69 (8,6%)
Сулыкөл ауылдық округі әкімі болып Бисембай Асыланбек Серікұлы сайланды. 1977 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы тұрғыны, «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің Қаратөбе аудандық филиалы ұсынды.
Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы