«2021 жылға арналған Қаратөбе ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» аудан әкімдігі қаулысының жобасы

ЖОБА

 

 

2020 жылға арналған Қаратөбе ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

 

 

"Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1) тармақшасына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыскерлердің тізімдік саны бар ұйымдарға қосымшаға сәйкес квота белгіленсін:

1) 50 (елуден) 100 (жүз) адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының 2 (екі) пайызы мөлшерінде;

2) 101 (бір жүз) адамнан 250 (екі жүз елу) адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының 3 (үш) пайызы мөлшерінде;

3) 251 (екі жүз елу бірден астам) адам – жұмыскерлердің тізімдік санының 4 (төрт) пайызы мөлшерінде белгіленеді.

  1. Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 85 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 тіркелген, 2020 жылғы 24 маусымда "Әділет"ақпараттық–құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  2. Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы (А.Карменов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтанға жүктелсін.
  4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

                    Аудан әкімі                   Ж.Асантаев

 

 

 

Қаратөбе ауданы әкімдігінің

20__ жылғы «___»_________

        №____қаулысына  қосымша

 

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдар тізімі

 

№

Ұйымның атауы

Жыл басы бойынша қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындар саны (бірлік)

1

Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің «Қаратөбе аудандық демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

116

3%

3

2

«Қаратөбе аудандық білім беру» бөлімі мемлекеттік мекемесі

52

2%

1

3

Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің «Қаратөбе мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

114

3%

3

4

«Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің жалпы білім беретін Шөптікөл орта мектеп-балабақша кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

77

2%

1

5

Қаратөбе колледжі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

58

2

1

6

"Қоскөл орта жалпы білім беретін мектебі коммуналдық  мемлекеттік мекемесі

60

2

1

7

"Үшағаш негізгі орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

51

2

1

8

Сонлаы жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық  мемлекеттік мекемесі  

53

2

1

9

"Б.Қаратаев атындағы Саралжын жалпы орта білім беретін мектебі " коммуналдық  мемлекеттік мекемесі

69

2

1

10

Егіндікөл орта жалпы білім беретін мектебі коммуналдық  мемлекеттік мекемесі

52

2

1

11

Аққозы жалпы  орта білім беретін мектеп-балабақша кешені коммуналдық  мемлекеттік мекемесі

69

2

1

 

Барлығы

771

2-4%

15

 

Дата публикации
05 ноября 2020