Ауданның даму жоспары талқыланды
24 сәуір күні Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиевтің төрағалығымен аудандағы кейбір салалар бойынша 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы кеңес өтті.
Кеңеске аудан әкімінің орынбасарлары, тиісті дербес бөлім, мекеме басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Жиынға төрағалық еткен аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы:
– Ел Президентінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ұлттық жобалар мен стратегиялық бағдарламалар аясында ауданның келешек дамуын жүйелі түрде жоспарлау бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі.
2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары ауданның табиғи, экономикалық, әлеуметтік және адами ресурстарын тиімді пайдалану арқылы тұрғындардың өмір сапасын арттыруды, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуді және ауылдық аумақтарды жаңғыртуды көздейді.
Бүгінгі кеңестің күн тәртібінде ауданымыздың 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын талқылайтын боламыз,- деді.
Кеңестің күн тәртібіндегі мәселе ауданның 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы Қаратөбе аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағамбетов баяндама жасады.
Жиналыста Берік Базарұлы 2026- 2030 жылдары ауданның білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт салалары бойынша жаңадан салынатын құрылыстар мен күрделі жөндеуден өтетін нысандар жөнінде баяндап берді.
Кеңесте сонымен қатар аудандағы межелі мерзімде жасалатын аудандық маңызы бар жолдар мен ауылішілік жол құрылыстары, бірқатар елді мекенге су құбырын тарту, электр желілері мен газ құбырларын қайта жаңғырту сынды және басқа да құрылыстарды жүргізу мәселелері талқыға түсті.
Келелі кеңесте дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері елді мекендер мен аудан орталығының дамуы бағытында ұсыныс-пікірлерін айтып ойларымен бөлісті.