ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ  

              ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ

                            КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚАУЛЫСЫ

 

Қаратөбе  ауылы                            №4                   2025 жылғы 14 мамыр                                               

 

 Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы

Қаратөбе ауданының Жусандой, Сулыкөл

ауылдық округі әкімдерінің сайлауын

2025 жылғы 22 маусымға тағайындау туралы.

 

       «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1)-тармақшасына, 113-1-бабының         1-тармағы 1)-тармақшасына және 2-тармағына сәйкес, Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының Жусандой, Сулыкөл ауылдық округі  әкімдерінің сайлауы 2025 жылғы 22 маусымға тағайындалсын.
  2. 2025 жылғы 22 маусымға тағайындалған Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының Жусандой, Сулыкөл ауылдық округі  әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Сайлау шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес өткізілсін.
  4. Осы қаулының көшірмесі Қаратөбе ауданының әкіміне жолдансын.
  5. Осы қаулы Қаратөбе ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық қоғамдық-саяси «Қаратөбе өңірі» газетінде жариялансын.
  6. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

                                    

                                       Төраға:                          Б.Жүсіпқали                                                   

 

                                       Хатшы:                            Е.Ғабдраш

 

 

Дата публикации
14 мая 2025