Жеке кәсіпкерлер субъектілерінің назарына
Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы №523 Жарлығының (одан әрі – Жарлық) 2-тарауына сәйкес бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз-2025» конкурсы бойынша белсенді іс – шаралар жұмыстарына сәйкес бекітілгенін хабарлайды.
Конкурс жыл сайын өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі. Конкурстың өңірлік және республикалық кезеңдеріне қатысу тегін болып табылады.
Конкурс «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы жауапты кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациялары бойынша жүргізіледі.
«Парыз» конкурсы жөніндегі толық ақпаратты www.mzsr.gov.kz сайтынан алуға болады. «Парыз- 2025» конкурсына қатысу үшін өтінімдерді Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсыруыңыз сұралады. Анықтама телефоны 87114531191,87114531243.