ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНЫҢ САРАЛЖЫН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ТІРКЕУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 8-1) тармақшасына және 113-5 бабына сәйкес 2025 жылғы 30 наурыз күні жергілікті уақытпен сағат 18:00-де Саралжын ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталатынын хабарлайды:
Қаратөбе ауданы Саралжын сайлау округі бойынша барлығы 3 кандидат ұсынылды, 1-уін «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қаратөбе аудандық филиалы ұсынды, 2-уі өзін - өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу туралы ресми ақпарат 2025 жылғы 01 сәуірдегі №14 аудандық «Қаратөбе өңірі» қоғамдық – саяси газетінде жарияланатын болады.
Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы