Алаяқтардан сақ болыңыз

Ішкі істер министрлігі Сіздің мекенжайға сақтық шараларын келтіре отырып басшылық, құқық қорғау органдары қызметкерлері және банктік сала жұмысшыларының атынан жасалатын алаяқтықтың тәсілдері туралы бірнеше рет хат жолдады.

Қабылданған шараларға қарамастан, мемлекеттік органдардың қызметкерлері алаяқтардың айла-амалдарына тап болып, өздерінің ақшалай қаражаттарын қылмыскерлерге аударуды жалғастыруда.

Әдетте, азаматтардың телефондарына басшылар атынан қандай да бір проблемалар туралы қоңырау (бейнеқоңырау) немесе хабарлама не ойдан шығарылған банк немесе басқа ведомстваның қызметкерінен олардың банктік шоттарында күдікті операциялар жүргізіліп жатқандығы туралы ақпарат келіп түседі.

Алаяқтардың сендіруімен азаматтар өз атына қарыздар мен несиелер рәсімдейді, мүлікті сатады. Қаскүнемдер ақша алу үшін әртүрлі схемаларды пайдаланады, оның ішінде үшінші тұлғалардың банкттік шоттарын пайдалануға байланысты.

Азаматтарды, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді алдаудың басқа да жаңа тәсілдерінің пайда болуы жоққа шығарылмайды.

Осыған байланысты, алақятық жасауға жол бермеу мақсатында, ұсынамыз:

  • мемлекеттік,жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері арасында алаяқтардың нұсқауларын орындауға жол бермеу туралы тиісті түсіндіру жұмыстарын қосымша жүргізу;
  • алаяқтық жасалған жағдайда мессенджерлердегі хат-хабарларды (экран көшірмелері), банкттік аударымдар туралы ақпаратты және кейіннен дәлел ретінде пайдаланылуы мүмкін басқа да мәліметтерді сақтауға барлық шараларды қабылдау, сондай-ақ бұл туралы өзі клиент болып табылатын банкке дереу хабарлап, полицияға жүгіну қажет.

Қосымша: видеоролик мемлекеттік және орыс тілдерінде.

 

 

Дата публикации
12 марта 2025