Қаратөбе ауданының аумақтық
сайлау комиссиясының
2025 жылғы 12 наурыздағы
№2 қаулысымен бекітілді
2025 жылғы 20 сәуірге тағайындалған
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
|
1. Саралжын ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау. |
||
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 12 наурыз (14-б. 8-1)-тт, 113-1-б. 1, 2-т.)
|
||
|
2. Сайлау округінің тізімі мен шекарасын және аудандық аумақтық сайлау комиссының орналасқан жерін көрсете отырып бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей 2025 жылғы 22 наурыздан кешіктірмей (22-б.)
|
|
|
3. Аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2025 жылғы 22 наурыздан кешіктірмей (13-б. 4-т.)
|
|
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2025 жылғы 27 наурыздан кешіктірмей (17-б. 2-т.)
|
|
|
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
||
|
|
Аудан әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімнен кешіктірмей - 2025 жылғы 27 наурыздан кешіктірмей (23-б. 5-т.)
|
|
|
6. Әкімдікке кандидаттарды ұсыну. |
||
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. 2025 жылғы 12 наурыздан басталады және 2025 жылғы 25 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.  (113-3-б. 5-т.)
|
|
|
7. Әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау. |
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы (4-б, 113-2-б.)
|
|
|
8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және тиісті куәліктерді беру. |
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14б. 8-1)т.т, 31-б.)
|
|
|
9. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған әкімдікке кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру. |
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттың талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күн мерзімде Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және Мемлекеттік қызмет саласындағы заңында көзделген (113-4-б.)
|
|
|
10. Әкімдікке кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу. |
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып Қол қою парақтары сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күн мерзімде (113-4-б. 8-т.)
|
|
|
11. Әкімдікке кандидаттардың жергілікті атқарушы органның шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу. Кандидатты ұсынған саяси партиялар өз қаражатынан жергілікті атқарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және әрбір ұсынылған кандидат үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу. |
||
|
|
Әкімдікке кандидаттар, саяси партиялар (әр ұсынылған кандидатқа) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5б. 2-т.)
|
|
|
12. Тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органдарына активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну кезеңі басталғаннан айдың бірінші күніне ұсынылады (2025 жылғы 1 қаңтарға) |
||
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.)
|
|
|
13. Әкімдікке кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру. |
||
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 3-т.)
|
|
|
14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру. |
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және 2025 жылғы 30 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (113-5-б.)
|
|
|
15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.)
|
|
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру. |
||
|
|
Жергiлiктi атқарушы орган және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.)
|
|
|
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу. |
||
|
|
Әкімдікке кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 2025 жылғы 30 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады және 2025 жылғы 19 сәуірде жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. (27-б. 2-т.)
|
|
|
18. Әкімдікке кандидаттарды сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру, кандидаттардың және сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен бөлінген үй-жайларда кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
||
|
|
Жергiлiктi атқарушы орган және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.)
|
|
|
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссияларына акт бойынша ұсыну. |
||
|
|
Аудан әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2025 жылғы 30 наурызға дейін (24 б. 5-т.)
|
|
|
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну. |
||
|
|
№281,№282 учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2025 жылғы 4 сәуірден бастап (26-б. 1-т.)
|
|
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету. Аумақтық, учаскелік төрағаларының бейнеүндеуі мен бейне шақыруларын ұйымдастыру және әлеуметтік желіге жариялау. |
||
|
|
Аумақтық сайлау комиссиясы. №281,№282 учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2025 жылғы 9 сәуірден кешіктірмей (18-б. 5)-т.т, 38-б. 2-т.)
|
|
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу. |
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей 2025 жылғы 16 сәуірден ерте емес және 2025 жылғы 19 сәуірден кешіктірмей (37-б. 3-т.)
|
|
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау. |
||
|
|
№281,№282 учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда Жергілікті уақыт бойынша 2025 жылғы 20 сәуір сағат 06.00-де (40-б. 1-т.)
|
|
|
24. Дауыс беруді өткізу. |
||
|
|
№281,№282 учаскелік сайлау комиссиялары Жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін (38-б. 1-т.)
|
|
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау. |
||
|
|
№281,№282 учаскелік сайлау комиссиялары Жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады (18-б. 8)-т.т, 43-б.)
|
|
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу. |
||
|
|
№281,№282 учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.)
|
|
|
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну. |
||
|
|
№281,№282 учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.)
|
|
|
28. Әкім сайлауының қорытындыларын анықтау. |
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткеннен кейін үш күннен кешіктірмей  2025 жылғы 23 сәуірден кешіктірмей (113-10-б. 1-т)
|
|
|
29. Әкім сайлауының қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2025 жылғы 26 сәуірден кешіктірмей (44-б. 4-т 3)-тт)
|
|
|
30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру. |
||
|
|
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде Сайланған әкімнен жеті күн мерзімде Конституцияға және әкім мәртебесі бар сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес сыйыспайтын міндеттерді өздерінен қосу туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін 2025 жылғы 26 сәуірден кешіктірмей (45-б., 46-б. 3-т., 113-11б. 1-т.) |
|
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.