Қазақстан Республикасы аудандар, облыстық маңызы бар қалаларының әкімдерін сайлау 2023 жылғы 5 қараша, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімін сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы аудандар, облыстық маңызы бар қалаларының әкімдерін сайлау

2023 жылғы 5 қараша, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімін сайлау қорытындылары туралы

ХАБАРЛАМА

 

  2023 жылдың 5 қарашада Қаратөбе ауданы бойынша, Қаратөбе ауданы әкімінің сайлауы өтті.

Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14- бабының 9 тармақшасына, 44- бабының 2 тармағына, 113-10- бабына сәйкес, Қаратөбе ауданы әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі:

Сайлаушылар тізіміне 8780  азамат енгізілді, оның – 5606 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 157, «Барлығына қарсы» -115.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Мұқанов Қанат Мұратұлы  – 557

Сайнов Ермек Бекболатұлы - 448

Сүйеуғалиев Қадіржан Орынбасарұлы-4329

Қаратөбе ауданы әкімі болып Сүйеуғалиев Қадіржан Орынбасарұлы сайланды. 1972 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Қаратөбе ауылы тұрғыны, «AMANAT партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қаратөбе аудандық филиалы ұсынды.

 

Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
28 января 2025