2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

    Қаратөбе аудандық аумақтық

          референдум комиссиясының

         2022 жылғы 6 мамырдағы

         №1 шешімімен бекітілген

 

2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды

әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспары

 

         1. Бұқаралық ақпарат құралында аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамын жариялау

 

Аумақтық референдум комиссиясы

Референдум тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2022 жылғы 15 мамырдан кешіктірмей

 

2. Бұқаралық ақпарат құралында референдум учаскелерінің шекаралары туралы хабарды  жариялау

 

Аудан әкімі

Референдум тағайындалғаннан  кейін он күннен кешіктірмей

2022 жылғы 15 мамырдан кешіктірмей

 

          3. Республикалық референдум алдындағы үгіт

 

референдум тағайындалғаннан кейін басталады және

2022 жылғы 4 маусымда нөл сағатта аяқталады

 

           4. Учаскелік комиссиялардың жұмысын бастау

 

2022 жылғы 15 мамырдан кешіктірмей

 

          5. Аудан әкiмі қол қойған референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тiзiмдерiн учаскелік референдум комиссияларына акт бойынша ұсыну

 

Аудан әкімі

Дауыс берудің басталуына жиырма күн қалғанда

2022 жылғы 15 мамырдан кешіктірмей

 

           6. Республикалық референдумда дауыс беру бюллетеньдерін дайындауға тапсырыс беру

 

Аумақтық референдум комиссиясы

2022 жылғы 15 мамырдан кешіктірмей

 

           7. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған учаскелер бойынша референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін танысуға ұсыну

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда

2022 жылғы 20 мамырдан кешіктірмей

 

          8.  Жекелеген  референдум  учаскелерiнде  дауыс  берудiң  басталуы  мен аяқталуының басқа уақытын белгiлеу және бұл туралы шешiмдi азаматтарға жеткiзу

 

Аумақтық референдум комиссиясы

Дауыс беру күніне дейінгі он күннен кешіктірмей

2022 жылғы 25 мамырдан кешіктірмей

 

           9. Дауыс беру уақыты мен орны туралы азаматтарды хабардар ету

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Дауыс беру  күніне дейінгі кемінде он күннен кешіктірмей

2022 жылғы 25 мамырдан кешіктірмей

(26–б.  1–т.)

 

 

 

          10. Референдумның учаскелік комиссияларына дауыс беруге арналған бюллетеньдерді жеткізу

 

Аумақтық референдум комиссиясы

Референдум өткізуге жеті күн қалғанда

2022 жылғы 28 мамырдан  кешіктірмей

(27-б.  5-б.)

 

           11. Дауыс беру үшін референдум учаскелерін ашу және ашу туралы хаттама жасау

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Егер дауыс берудің басталуына басқа уақыт белгіленбесе,  жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де 

 

           12. Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, дауыс беру күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

 

 13. Референдум  учаскесінде  дауыстарды  санау  және  дауыс  беру 

нәтижелері туралы хаттама жасау

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Дауыс беруді аяқтаудың басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады.  

Санау уақыты санау басталғаннан бастап он екі сағаттан аспауға тиіс

 

           14. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн референдум учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгіленген орында орналастыру

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

 

           15. Референдум учаскесiнде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы аумақтық референдум комиссиясына ұсыну

 

Учаскелік референдум комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

 

           16. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында референдумның нәтижелерін шығару

 

Аумақтық референдум комиссиясы

Дауыс берілген күннен бастап екі күннен аспайтын мерзімде

 

(22-б. 1-т.7-тт.)

 

           17. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағындағы референдум нәтижелері туралы хаттаманы облыстық референдум комиссиясына ұсыну

 

Аумақтық референдум комиссиясы

Дауыс беру күнінен бастап екі күннен аспайтын мерзімде

 

 
   

 

Ескерту: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер бар.

 

 

 

 

Дата публикации
22 января 2025