ҚАРАТӨБЕ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

ҚАРАТӨБЕ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ШЕШІМІ

 

Қаратөбе ауылы                            № 1                       2022 жылғы 6 мамыр

 

2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған

республикалық референдум комиссиялары

қызметінің кейбір мәселелері және

референдум әзірлеу мен өткізу жөніндегі

негізгі  іс-шаралардың күнтізбелік

жоспарын бекіту туралы

 

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 қарашадағы № 2592 Конституциялық заңының 6-бабының 3-тармағы, 8-бабының 2-тармағы, 22-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы, 24-бабының 3-тармағы, «2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 мамырдағы № 888 Жарлығы негізінде, Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясының және Батыс Қазақстан облыстық референдум комиссиясының қаулыларын басшылыққа ала отырып Қаратөбе аудандық аумақтық референдум комиссиясы ШЕШТІ:

  1. Аумақтық референдум комиссиясы референдум тағайындалған күннен бастап он күннен кешіктірмей, 2022 жылғы 15 мамырдан кешіктірмей аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамдары, комиссиялардың орналасқан жері мен жұмыс уақыты туралы мәліметтер аудандық «Қаратөбе өңірі» қоғамдық – саяси газетінде жариялансын.
  2. 2022 жылғы 5 маусымға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Республикалық референдумды әзiрлеу мен өткiзу кезiнде референдум комиссиялары тиiстi сайлау комиссияларының мөрлері, маңдайшалары мен интернет-ресурсы пайдаланатыны белгiленсiн.
  4. Ауылдық округ әкiмдерi референдум комиссияларының қарамағына референдумды әзiрлеу мен өткiзу үшiн қажетті үй-жайларды, жабдықтар мен көлiк құралдарын беру жөнiндегi шараларды көздесін, референдум комиссияларына олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға жәрдемдессiн, олардың жұмысына қажетті мәліметтер мен материалдарды берсін, басқа да көмекті көрсетсін.
  5. Осы шешім аумақтық референдум комиссиясының интерне-ресурсында орналастырылсын.

 

  Аумақтық референдум

комиссиясының төрағасы                                                     Б.Жүсіпқали

Дата публикации
22 января 2025