Егіндікөл ауылдық округі әкімінің сайлауы қорытындысы бойынша Қаратөбе аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
2023 жылдың 10 қыркүйек күні Қаратөбе ауданының Егіндікөл ауылдық округінде ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Қаратөбе аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14 бабының 9) тармақшасы, 44 бабының 4 тармағы 3) тармақшасы және 113-10 баптарына сәйкес, Қаратөбе ауданының Егіндікөл ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде анықтады:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 433 сайлаушы енгізілген, солардың ішінен 330 (76,2 %) сайлаушы дауыс берген.
Әр үміткерге берілген дауыс саны:
Н.Ә.Әділханов – 54 (16.4 %);
Ә.Е.Қанафин – 55 (16.7%) ;
Е.Б.Тналиев – 213 (64.5%) дауыс берілді.
«Бәріне қарсымын» жолы белгіленген – 7; жарамсыз бюллетеньдер саны - 1.
Сайлау қортындысы бойынша Егіндікөл ауылдық огругі әкімі болып Тналлиев Екпин Батырханович сайланды.
Тналиев Екпин Батырханович, 1980 жылы туған, Егіндікөл орта жалпы білім беретін мектебінде кәсіптік бағдар беруші педогог болып жұмыс жасайды. Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынды.