Қоскөл ауылдық округі әкімінің сайлауы қорытындысы бойынша Қаратөбе аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
Қаратөбе аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14 бабының 2 тармағына, 44 бабына, 113-10 бабына сәйкес Қаратөбе ауданының Қоскөл ауылдық округі әкімінің сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындысын белгіледі.
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 636 сайлаушы (№279 сайлау учаскесінде 512, №280 Шалғын сайлау учаскесінде 124) енгізілді, соның ішінде 584 сайлаушы (93,4%) дауыс берді.
Кандидаттар үшін берілген дауыс саны:
Бакытжанов Е.К – 54
Мусағалиев Ә.Х. – 496
Сафин Е.С. – 34
Қоскөл ауылдық округінің әкімі болып Мусағалиев Әділет Хайратұлы сайланды.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы