ҚОСКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІН ТІРКЕУ ТУРАЛЫ
ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес 2022 жылғы 29 мамыр күні Қоскөл ауылдық округі әкімінің сайлауы өткізілді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына және 113-11-бабына сәйкес Қаратөбе ауданының аумақтық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 29 мамырдағы шешімімен Қоскөл ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеді:
1.Мусағалиев Әділет Хайратұлы, 1987 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Аққозы ауылында тұрады. «AMANAT партиясы» қоғамдық бірлестігінің Қаратөбе аудандық филиалы ұсынды.