Analytical report on the results of internal control over the quality of public services in the karatobе district for the 2nd quarter of 2020

Қаратөбе ауданы бойынша 2020 жылдың ІI тоқсанында мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі бойынша мәліметтер:

 

        Барлығы

Қағаз түрінде

Электронды түрде (АЖ арқылы)

Баламалы қызмет түрлері

Жеке тұлға

Заңды тұлға

Жеке тұлға

Заңды

тұлға

Жеке тұлға

Заңды

тұлға

Жеке тұлға

Заңды тұлға

759

16

20

0

688

15

51

1

 

І Бақылау шаралары бойынша:

Ағымдағы жылдың І тоқсанында Қаратөбе ауданы әкімі аппараты басшысының бұйрығымен бекітілген 2020 жылға мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу іс-шараларының жоспары бойынша 2020 жылдың II тоқсанда  «Қаратөбе аудандық мәдениет ,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» (АХАЖ)» ММ-де ішкі бақылау іс-шарасы өткізілді. Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты  ішкі бақылау іс-шарасы кейінге қалдырылды (бақылау іс-шарасының актісі, материалдары қосымша ұсынылады). Бақылау шаралары кезінде «Қаратөбе аудандық мәдениет ,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» (АХАЖ)» ММ-і бойынша төмендегі кемшіліктер орын алды.

Тексеру барысы кезінде артық құжаттар сұратудың 2 фактісі және арнайы ақпараттық стендтің жоқ екендігі анықталды.

 

 ІІ Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмыс (іс-шаралар жоспарының орындалуы)

Есептік ІI тоқсанда қызмет алушылар тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына қатысты арыз-шағымдар болған жоқ.

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің маманымен «Мониторинг» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге үнемі бақылау, тексеріс жүргізіліп отыр. Есептік кезеңде белгіленген мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер болған жоқ, қызмет көрсету сапасына қатысты  шағымдар түскен жоқ.

2020 жылдың ІI жартыжылдығына арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру және электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді насихаттау іс-шаралар жоспарына сәйкес а.ж. 2-тоқсанында атқарылған жұмыстар.

Ағымдағы жылдың 11 мамыр күні «Жусандой ауылдық округінің аппараты» ММ-нің ұйымдастыруымен елдегі төтенше жағдайға байланысты үйден шықпай мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын түсіндіру мақсатында «Электронды үкімет – мүмкіндіктері» атты онлайн ақпараттық түсіндіру кеңесі оздырылды. Кеңеске қатысқандардың жалпы саны - 33 адам.   

Ағымдағы жылдың 11 мамыр күні «Аққозы ауылдық округінің аппараты» ММ-нің ұйымдастыруымен елдегі төтенше жағдайға байланысты үйден шықпай мемлекеттік қызметтерді алу жолдарын түсіндіру мақсатында «Электронды үкімет – мүмкіндіктер мен қажеттіліктері» атты онлайн ақпараттық түсіндіру кеңесі оздырылды. Кеңеске қатысқандардың жалпы саны - 23 адам. 

Ағымдағы жылдың 10 маусым күні көрсетілетін мемлекеттік қызметке жауапты мамандар арасында, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттері мен стандарттарын сақтау, мемлекеттік қызметтің тиімділігі жөнінде Қаратөбе ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы Н.Әділханов онлайн түрде баяндама оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатысқандардың жалпы саны - 6 адам. 

 Ағымдағы жылдың 25 маусым күні Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы В.Губайдуллина аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер еңгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы» ережесіне енген өзгерістерді талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізді. Қатысқандар аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері.

Қаратөбе ауданының шаруа қожалықтары мен жеке тұрғындарының ауыл шаруашылығы техникаларын жыл сайынғы техникалық байқаудан өткізу мақсатында Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Е.Бақтығалиев және Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, азаматтық қорғаныс-подполковнигі М.Искаков тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қатысқандар 8 ауылдық округ тұрғындары.

Мемлекеттік қызметтер туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық «Қаратөбе Өңірі» газетінде  мақала (№17 28.04.2020 ж.) жарияланды.

            Сонымен қатар, Қаратөбе ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенті мен стандарттары Қаратөбе аудан әкімдігінің ресми сайтында жарияланған.

         ІІІ Өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер

Қаратөбе ауданы бойынша 8 ауылдық округ әкімі аппараттарында 8 өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштары құрылған. Негізгі көрсетілетін қызмет түрлері – жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы анықтама, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыптпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама, соттылықтың бар немесе жоқ болуы туралы анықтама, кредиттік тарих, зейнетақы жарналарынан үзінділер, мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке тұру, кезегін қарау, мемлекеттік кіріс органдарда есебі жүргізілетін берешектің жоқ/бар екендігі туралы анықтама.

 

Дата публикации
20 октября 2020